Қазақстанда тамыз ҰБТ-сы басталды
© Фото: Национальный центр тестирования
Елімізде 2025 жылғы 10 тамыз бен 14 тамыз аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, тестілеуге қатысу үшін 28 мыңға жуық өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ға жуығы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді.
Тамыз айындағы ҰБТ-ға қатысады:
- ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері,
- қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар),
- шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері,
- шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер,
- жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер.
"ЖОО-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды жоо-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады",- делінген ақпаратта.
Айта кетейік, тамыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында 25 шілде мен 5 тамыз аралығында жүргізілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





