Қазақстанда сән-салтанат салығына тағы қандай мүлік түрлері ілінуі мүмкін

17:10, 28 қазан 2026
MKZ: 1574836

© Фото: pexels

Депутат Олжас Құсбеков 2026 жылғы 28 қазанда Құрылтай кулуарында Қазақстанда қандай мүлік түрлері сән-салтанат салығына ілінуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олжас Құсбеков Еңбек министрлігі әлеуметтік төлемдерге қатысты ұсынған санаттарды мысалға келтірді.

"Онда жәрдемақы тағайындалмайтын А және B санаттары бар. Меніңше, дәл осы санатқа жататын адамдар сән-салтанат салығын төлеуі мүмкін. Салық мөлшерлемелерін Салық кодексінде бекіттік. Енді қандай мүлікке қосымша салық салуға болатынын қарастыру қажет. Адамдардың цифрлық активтері болуы мүмкін. Оларға бұрын-соңды салық салынбаған, қазір олардың бір бөлігі жасырын болуы ықтимал", – деді ол.

Депутаттың айтуынша, қазір адам өзі декларация тапсырған жағдайда ғана мұндай активтерге салық салынады.

"Суперкомпьютерлер кімнің қандай мүлкі бар екенін бақылауы керек. Сондай-ақ қымбат картиналар да болуы мүмкін. Мұндай активтердің барлығы сол адамдардың атына тіркеліп, құны анықталуға тиіс, яғни оларды бағалау қажет", – деп түсіндірді депутат.

Ал депутат Айдос Сарым сән-салтанат салығына жататын заттардың нақты тізімі жасалатынын айтты.

"Сән-салтанат санатына жататын заттар бар. Оларға алтын, бриллиант, құны 200 мың доллардан асатын көліктер, катерлер мен ұшақтар жатады. Осындай мүлікке назар аудару керек. Олар нақты бір адамның атына тіркелген болуы мүмкін. Бұл тізімге мүліктің өзге түрлері немесе аса жоғары табыс та кіруі ықтимал. Мұраға қалған дүние-мүлік және басқа да активтер болуы мүмкін. Олардың нақты тізімі жасалады", – деді ол.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!