Жол үстіндегі жанжал: Алматыда 20 жастағы жүргізушінің көлігінен тапанша табылды

19:23, 27 қазан 2026
MKZ: 1574605

© Сурет: pexels

Алматыда жол үстіндегі жанжалға байланысты полицияға хабар түсті. Құлжа тас жолында көлік жүргізушісі басқа автокөлік жүргізушісінің өзіне тапаншаға ұқсас зат кезеп, доқ көрсеткенін айтқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат дереу Медеу аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлеріне берілді.


"Тарасов көшесімен қиылыста полицейлер іздестіріліп жатқан автокөлікті тоқтатты. Рөлде 20 жастағы жігіт отырған. Автокөлікті тексеру кезінде жедел-тергеу тобы травматикалық тапаншаны тауып, тәркіледі. Қазіргі уақытта қарудың жас жігітке қайдан келгені және оны көлікте қандай мақсатпен алып жүргені анықталып жатыр. Оқиғаның өзге де мән-жайлары тексеру барысында белгілі болады". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!