Жолдау-2026: ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамытуға баса мән берген жөн
© Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін дамыту және осы бағыттағы озық тәжірибелерді бүкіл елге тарату қажеттігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің айтуынша, елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бағытында табысты жобалар жүзеге асырылып жатыр.
Мәселен, Қызылорда облысының шаруалары күрделі климаттық жағдайларға қарамастан жүгері мен соя өсіріп, оларды өңдеумен айналысады. Ал Түркістан облысында қытайлық компания суды тиімді пайдаланатын заманауи мақта-тоқыма кластерін құрып жатыр.
"Үкімет осындай озық тәжірибелердің ел аумағында кең тарауына жағдай жасап, инвесторларға уақтылы қолдау көрсетуі керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы заманауи технологияларды мал шаруашылығында да кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.
Оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде елімізде 71 тауарлы-сүт фермасы іске қосылған. Бұл шаруашылықтарда жыл сайын 462 мың тоннадан астам сүт өндіріледі.
Сонымен қатар Ақмола облысында шетелдің озық тәжірибесіне негізделген ет кластері құрылып жатыр.
Президент осындай жобаларды қолдап, қажет болған жағдайда оларды қаржыландыру керектігін айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:33, 28 қазан 2026
Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды
-
13:28, 28 қазан 2026
Президент уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру туралы ұсынысты қарауды тапсырды
-
13:24, 28 қазан 2026
Тоқаев: «Балқаш» АЭС-інің құрылысын келесі жылы бастаған жөн деп санаймын
-
13:21, 28 қазан 2026
Тоқаев 2029 жылға дейін электр энергиясының артығымен өндірілуін қамтамасыз етуді тапсырды
-
13:18, 28 қазан 2026
Президент су тұтынуды бақылауды күшейтуді тапсырды





