Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды
© Сурет: Zakon.kz
Теміртаудан Қарағандыға қарай қатынайтын жолда Mazda көлігі жол апатына ұшырады. Рөлде 18 жастағы бойжеткен болған, ол алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 2026 жылы 26 қазанда таңертең ерте болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде пайда болды.
Видеодан автокөліктің кюветтен ұшып, жол жиегінде аударылып жатқанын көруге болады.
Қарағанды облысының полиция департаменті аталған оқиғаның мән-жайын ашып айтып берді.
"Ағымдағы жылдың 26 қазанында сағат 06:33-те "Беркут" дәмханасы аумағындағы 15-ші магистральда, алдын ала мәліметтер бойынша, Mazda автокөлігінің 18 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке ұшып аударылған", деп хабарлады Қарағанды облыстық ПД Zakon.kz сайтына 2026 жылғы 27 қазанда.
Сондай-ақ полиция жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болғанын да нақтылай кетті.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:14, 27 қазан 2026
Қарызға ақша берумен заңсыз айналысқан елордалық кәсіпкер сотталды
-
21:54, 27 қазан 2026
«Сығалап, телефонға түсірген»: Атыраудағы даулы іс немен аяқталғаны белгілі болды
-
21:45, 27 қазан 2026
Астанада жалдамалы үйден шыққысы келмеген жігіт пәтер иесін сыбап, сабаған - видео
-
20:56, 27 қазан 2026
«Күн суытып, үсік жүреді». Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:30, 27 қазан 2026
«Ақысы - 350 мың теңге». Өзге елдің азаматы шетелдіктерді Қазақстанға заңсыз кіргізуді ұйымдастырған





