«Сығалап, телефонға түсірген»: Атыраудағы даулы іс немен аяқталғаны белгілі болды

21:54, 27 қазан 2026
MKZ: 1574621

© Фото: zakon.kz

Атыраудағы сауда-ойын-сауық орталықтарының (СОО) бірінде болған оқиғаға қатысты тың мәлімет пайда болды. Полиция әйелдер дәретханасына кіріп, ондағыларды жасырын камераға түсірді деп күдікке ілінген 21 жастағы жігітті жазалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, ұсталған азамат Мейрамбек Жанболатұлы болып шықты. Оқиға орнындағылардың бірінің шағымынан кейін тәртіп сақшылары ер адамның жеке басын жедел анықтап, полиция басқармасына жеткізді.

Ер адамның әрекеті қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзу ретінде сараланды.

"Қоғамдық орында бола тұра, ер адам заңсыз әрекетке жол беріп, айналасындағыларға айқын құрметсіздік танытты. Мейрамбек Жанболатұлына қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды", деп хабарлады Атырау облыстық ПД Zakon.kz сайтына 2026 жылғы 27 қазанда.

Ведомство атап өткендей, сотқа дейін құқық бұзушы әкімшілік іс бойынша тұтқындалғандарға арналған камерада болды. Содан кейін іс материалдары қарау үшін сотқа жолданды.

"Сот шешімімен ол айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", деп толықтырды ведомстводан.

Аталған оқиға туралы демалыс күндері белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, сауда орталығының әйелдер дәретханасына келгендердің бірі көрші кабинадан үстінен төніп, қарап тұрған жас жігітті байқаған. Әйел шу шығарғанда жігіт есікті іштен құлыптап, сыртқа шығудан бас тартқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!