Қазақстанға кірудің жаңа тәртібі күшіне енді
© Фото: Zakon.kz
Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы визасыз режиммен елге келетін шетел азаматтарына арналған QazETA электронды рұқсатын енгізу тәртібіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жаңа талаптар 2026 жылғы 24 қазаннан бастап қолданысқа енді. Алайда QazETA жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылады.
QazETA рұқсаты тегін рәсімделеді және 180 күнтізбелік күн бойы жарамды болады.
Өтінішті цифрлық платформа арқылы елге келетін жоспарланған күннен кемінде 72 сағат бұрын беріп, жеке басын растау қажет. Шекарада рұқсат рәсімделген паспортты көрсету керек.
2026 жылғы 1 қарашадан бастап QazETA рұқсатының бар-жоғы Ақтау халықаралық әуежайында, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Астана мен Алматы әуежайларында, ал 2027 жылғы 1 наурыздан бастап қалған өткізу бекеттерінде тексеріледі.
"Бұл кезеңде рұқсаты жоқ шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне тыйым салынбайды. Оларға рұқсатты рәсімдеу қажет екені түсіндіріледі. 2027 жылғы 1 шілдеден бастап QazETA міндетті болады. Онсыз Қазақстанға кіруге рұқсат берілмейді", – деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 16 жасқа толмаған балаларға, 65 жастан асқан адамдарға, Қазақстанның қолданыстағы визасы бар азаматтарға, уақытша тұруға рұқсаты немесе тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге, сондай-ақ әуежайдың транзиттік аймағынан шықпайтын жолаушыларға бұл рұқсат қажет емес.
Жалпы, QazETA рәсімдеуден босатылатын адамдардың 29 санаты қарастырылған. Алайда жеңілдікті пайдалану үшін оны растайтын құжаттар қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:10, 28 қазан 2026
Қазақстан U19 бокстан әлем чемпионатында сегіз медаль жеңіп алды
-
19:00, 28 қазан 2026
Испанияда жолаушылар мінген екі пойыз соқтығысып, ондаған адам қаза тапты
-
18:50, 28 қазан 2026
Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
18:40, 28 қазан 2026
Тоқаев Петр Павелді Чехияның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
-
18:30, 28 қазан 2026
Елімізде қандай экономикалық құқық бұзушылықтар қылмыс санатынан шығарылуы мүмкін





