«Күн суытып, үсік жүреді». Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
© Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 2026 жылғы 28 қазанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың батысында 1 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 28 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 28 қазанда түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түнде облыста 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 28 қазанда түнде 1-3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта 28 қазанда түнде 2-4 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 28 қазанда тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 28 қазанда түнде және таңертең тұман түседі, күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда да 28 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыста 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 28 қазанда түнде 3-5 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Петропавлда 28 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
28-30 қазанда Ақтөбе облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл соғып, өңірдің аталған елдімекендерінде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 28 қазанда күндіз шаңды дауыл соғып, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман болатыны болжанады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде 3-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 28 қазанда түнде 6-8 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 28 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады.
Астанада 28 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша 27-29 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:54, 27 қазан 2026
«Сығалап, телефонға түсірген»: Атыраудағы даулы іс немен аяқталғаны белгілі болды
-
21:45, 27 қазан 2026
Астанада жалдамалы үйден шыққысы келмеген жігіт пәтер иесін сыбап, сабаған - видео
-
20:30, 27 қазан 2026
«Ақысы - 350 мың теңге». Өзге елдің азаматы шетелдіктерді Қазақстанға заңсыз кіргізуді ұйымдастырған
-
19:52, 27 қазан 2026
Астанадағы әлем чемпионаты: Бағдат Сабаз грек-рим күресінен қола медаль еншіледі
-
19:45, 27 қазан 2026
ШҚО-да Subaru көлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған





