Астанада жалдамалы үйден шыққысы келмеген жігіт пәтер иесін сыбап, сабаған - видео
© Сурет: pexels
Желіде доқ көрсету, қорқытып-үркіту және балағаттауға жол берген жанжалды видео қызу талқылануда. Тұрмыстық жанжал Астанада болған. Видеода пәтер жалдаған 22 жастағы жігіт баспана иесіне жұдырық ала жүгіреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеодан ер адамның өзін телефонға түсіріп тұрған адамға агрессия танытып, балағат сөздер айтып, ақыры қорқытып-үркітуге көшкенін көруге болады. Аталған жанжалдың мән-жайына полиция түсініктеме берді.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 22 жастағы ер адам пәтер жалдағанымен, оны уақытында босатпаған. Пәтер иесімен туындаған жанжал барысында ол әйелге дене жарақатын салып, оның жер-жебіріне жетіп боқтаған.
"Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 22 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Тергеу жалғасуда",деп хабарлады ведомстводан 2026 жылғы 27 қазанда Zakon.kz тілшісіне.
Сонымен қатар, ер адамға қатысты балағат сөздер айтқаны үшін ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 30 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:26, 27 қазан 2026
Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды
-
22:14, 27 қазан 2026
Қарызға ақша берумен заңсыз айналысқан елордалық кәсіпкер сотталды
-
21:54, 27 қазан 2026
«Сығалап, телефонға түсірген»: Атыраудағы даулы іс немен аяқталғаны белгілі болды
-
20:56, 27 қазан 2026
«Күн суытып, үсік жүреді». Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:30, 27 қазан 2026
«Ақысы - 350 мың теңге». Өзге елдің азаматы шетелдіктерді Қазақстанға заңсыз кіргізуді ұйымдастырған





