Қазақстанда салықтық берешектің шекті мөлшері белгіленеді
© Фото: freepik
Zakon.kz хабарлауынша, "Салықтық берешектің шекті мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығының жобасы әзірленді.
Жобаның мақсаты – жаңа Салық кодексінің 5-бабы 4-тармақшасын іске асыру, атап айтқанда, салықтық берешектің шекті мөлшерін белгілеу. Бұл шектен асып кеткен жағдайда мемлекеттік кірістер органдары салық міндеттемесін қамтамасыз ету тәсілдерін және салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіру шараларын қолданатын болады.
Ал егер салық төлеушінің берешегі белгіленген шекті мөлшерден аспаса, мұндай шаралар қолданылмайды. Бұл жағдайда тек салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі және өсімпұл есептеледі.
Жобаны бекіту келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
- салық төлеуші мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы сенімділікті арттыру;
- салық төлеушілердің қызметіне артық араласуды болдырмау;
- салықтық берешекті өз еркімен өтеуге ынталандыру.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 22 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





