«Аптап ыстық, шаңды дауыл, бұршақ». Еліміз бойынша 9 маусымға арналған ауа райы болжамы
© Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының 2026 жылғы 9 маусымға арналған болжамын ұсынды. Оған сәйкес, елімізде аптап ыстық, шаңды дауыл, тұман, найзағай, бұршақ сипатында қолайсыз ауа райы жағдайлары күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, республикамыздың бірден алты өңірінде, атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Абай, Алматы, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарында сынап бағаны күрт жоғарылап, аптап ыстық күтіледі; +35...+38°С.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша жел екпін алады, солтүстікте, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі
Бұл ретте, болжам бойынша, еліміздің бірқатар өңірлерінде өрт қаупі күтіледі:
- жоғары өрт қаупі – Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Абай, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысының батысында, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Алматы өңірінің батысында, солтүстігінде, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында;
- төтенше өрт қаупі – Қызылорда өңірінде, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Түркістан өңірінің орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында.
Бұған дейін cиноптиктер алдағы үш күнге (9, 10, 11 маусымға) арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:55, 8 маусым 2026
Сәтті жасалған трансплантация: анасы қызына бір бүйрегін берді
-
18:47, 8 маусым 2026
Зейнетақы мұрагерлері енді марқұмның зейнетақы жинағын түгелдей шешіп ала алады
-
18:35, 8 маусым 2026
Көкшетауда күйген шаштың мәселесі сотқа дейін жетті
-
18:22, 8 маусым 2026
Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
-
17:49, 8 маусым 2026
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті





