Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы жарияланды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бүгін, 2026 жылғы 2 шілдеде, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарына 18 бен 27 жас аралығындағы 21 мыңнан астам азамат мерзімді әскери қызметке шақырылды.
Олардың ішінде:
- 11 мыңнан астамы Қарулы күштердің қатарында мерзімді әскери қызметін өтейтін болса,
- 7 мыңнан астамы – ІІМ Ұлттық ұланына,
- 2 мыңға жуығы – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне,
- 400-ге тарта – Төтенше жағдайлар министрлігіне,
- ал 300 азамат – Мемлекеттік күзет қызметіне жіберілді.
Әскери қызметке шақыру туралы хабарламалар азаматтарға SMS-хабарлама және eGov порталындағы жеке кабинеті арқылы жолданды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру және одан босату рәсімдері автоматты түрде іске асырылды.
Шақыру науқаны барысында Қорғаныс министрлігінің Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп, азаматтарды әскерге шақыру мәселелері бойынша жан-жақты ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. "Қауырт желі" телефондары, азаматтарды жеке қабылдау және ақпараттық-түсіндіру кездесулері барысында шақырылушылар мен олардың ата-аналары өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толыққанды жауап алды.
Жергілікті атқарушы органдар шақыру іс-шараларын ұйымдастыруды және өткізуді, шақыру және медициналық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етіп, олардың тиімді қызметі үшін қажетті жағдай жасады.
Бүгінде Қарулы күштер қатарындағы қызмет жас азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие жұмысшы мамандығын меңгеруге мүмкіндік беретінін айта кеткен жөн. Әскери қызмет кезінде банктер мен қаржы ұйымдары алдында міндеттемелері бар сарбаздарға несиелік демалыс беріледі. Ал әскери қызметін аяқтағаннан кейін жауынгерлік даярлықта үздік нәтиже көрсеткендер жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім гранты негізінде түсе алады. Қалғандары ҰБТ тапсырмай-ақ ақылы бөлімге қабылдану мүмкіндігіне ие болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:20, 2 шілде 2026
Қазақстан адами капиталды дамытуға дәйекті түрде инвестиция құйып отыр - Тоқаев
-
15:13, 2 шілде 2026
Президент: Жасанды интеллект Қазақстанның инвестициялық саясатының басым бағыты болады
-
15:05, 2 шілде 2026
Президент: Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 150 млрд доллардан асты
-
14:56, 2 шілде 2026
Қазақстандағы 10 банк депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін төмендетті
-
14:45, 2 шілде 2026
2026 жылғы шілде айында теңге бағамы қандай болады: экономистер болжамы





