Қазақстанда білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы тексеріледі
© Сурет: Zakon.kz
ҚР Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын және білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық деңгейін бақылау үшін өңірлерге жұмыс топтары жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025-2026 оқу жылында шамамен 300 мың оқушы орнына арналған 200-ден астам жаңа мектеп ашу жоспарланған. Оның ішінде 206 мың орындық 112 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынады. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 15 апатты мектеп жойылып, үш ауысымды оқыту тоқтатылады, шамамен 150 мың орын тапшылығы қысқарады, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі оқу жағдайы қалалық стандарттарға жақындайды.
Сонымен қатар 245 мектепте ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарға шатырды ауыстыру, қасбеттер мен терезелерді жаңарту, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізу, мектеп ауласын абаттандыру және көгалдандыру кіреді.
Қосымша 1000 ауылдық мектепте жөндеу жұмыстары жүруде. Кітапханалар, асханалар, қауіпсіздік жүйелері жаңғыртылуда, жиһаздар жаңартылуда. Химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пән кабинеті сатып алынды.
Жұмыс сапарлары барысында министрлік өкілдері материалдық-техникалық базаның жағдайымен, атқарылған жұмыстардың сапасымен және Мемлекет басшысының білім беру саласындағы тапсырмаларының орындалуымен танысады.
"Білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Ол үшін жергілікті жерлердегі нақты жағдайды білу, көру маңызды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлу қажет", - дейді министр Ғани Бейсембаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 8 желтоқсан 2025
-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады
-
22:46, 8 желтоқсан 2025
СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды
-
21:29, 8 желтоқсан 2025
Семсерлесуші Руслан Курбанов Әлем кубогы кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді
-
21:19, 8 желтоқсан 2025
«Боран соғып, аяз болады». Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
-
20:47, 8 желтоқсан 2025
Оңтүстікте тойда өлең айтқан бұрынғы келініне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты





