Қазақстанда аптап ыстық басылады: кей өңірлерде ауа температурасы +18 градусқа дейін төмендейді
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы салқындайтынын болжады. Мамандардың мәліметінше, 2026 жылғы 30 маусым – 2 шілде аралығында ел аумағында аптап ыстық біршама бәсеңдейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің айтуынша, белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін.
Осыған байланысты күндізгі ауа температурасы төмендейді:
- елдің батысы мен солтүстік-батысында – +18...+28°C; солтүстік өңірлерде – +22...+30°C; оңтүстікте аптап ыстық біршама басылып, +23...+35°C болады.
- Ал шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ыстық ауа райы сақталып, ауа температурасы +30...+38°C-қа дейін жетеді.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер Алматы тұрғындары мен қонақтарына ауадағы зиянды заттардың мөлшері артуы мүмкін екенін ескерткен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:34, 29 маусым 2026
2026 жылғы шілде айына арналған салық күнтізбесі: қандай есептер тапсырылып, қандай төлемдер жасалуы тиіс
-
13:28, 29 маусым 2026
Абай облысында бағалы металдарды заңсыз өндіргендер анықталды
-
13:17, 29 маусым 2026
Қазақстанда нотариустардың қызметіне бақылау күшейтіледі
-
13:09, 29 маусым 2026
Мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті
-
12:57, 29 маусым 2026
Қазақстанда топырақты қорғау күшейтіледі: Сенат жаңа заңды мақұлдады





