2026 жылғы шілде айына арналған салық күнтізбесі: қандай есептер тапсырылып, қандай төлемдер жасалуы тиіс
© Фото: freepik
2026 жылдың шілде айында салық төлеушілер бірқатар салық есептілігін тапсырып, міндетті төлемдерді уақытылы төлеуі қажет. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
1 шілдеге дейін:
270.00-нысан – 2025 жылға арналған жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларациясы (салық заңнамасында көзделген жағдайларда бейрезидент жеке тұлғалар мен еңбекші көшіп келуші бейрезиденттер үшін).
15 шілдеге дейін:
400.00-нысан – 2026 жылғы мамыр айына арналған акциз декларациясы.
20 шілдеге дейін:
- 328.00-нысан – 2026 жылғы маусымға арналған тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш;
- 851.00-нысан – жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомасының есебі;
- 870.00-нысан – қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы декларациясы.
Сонымен қатар келесі мерзімдерде міндетті төлемдер төленуі тиіс.
7 шілдеге дейін:
2026 жылғы маусым үшін жекеше практикамен айналысатын тұлғалардың жеке табыс салығы (ЖТС).
13 шілдеге дейін:
2025 жылға арналған 270.00-нысан бойынша кірістер мен мүлік туралы декларация негізінде бейрезидент жеке тұлғалар мен еңбекші көшіп келуші бейрезиденттердің өз бетінше төлейтін жеке табыс салығы.
15 шілдеге дейін:
2026 жылдың ІІ тоқсаны үшін түбірімен босатылатын сүрекке орман пайдаланғаны үшін төлемақы;
Интернет-платформа операторы аударатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі бойынша 2026 жылғы маусым айының жеке табыс салығы.
20 шілдеге дейін:
- ЕАЭО аясындағы қосылған құн салығы (ҚҚС);
- акциздер (оның ішінде ЕАЭО елдерінен импорт бойынша);
- қоршаған ортаға теріс әсері үшін төлемақы;
- ұзақ мерзімді орман пайдалану үшін ІІ тоқсанға төлемақы;
- өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін ІІ тоқсанға төлемақы.
24 шілдеге дейін:
2026 жылғы маусымда бейрезиденттердің жекелеген санаттарына төленген табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы.
27 шілдеге дейін:
- 2026 жылғы шілде айына корпоративтік табыс салығының (КТС) аванстық төлемдері;
- резиденттердің табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС;
- төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы;
- бейрезиденттердің табысынан төлем көзінен ұсталатын КТС;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі бойынша 2026 жылғы маусымның ЖТС;
- 2026 жылғы маусымға әлеуметтік салық;
- 2026 жылғы шілдеге сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
- 2026 жылғы маусымға бірыңғай төлем;
- 2026 жылғы маусым үшін әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, МКЗЖ, МЗЖЖ, әлеуметтік аударымдар, МӘМС және МӘМС жарналары).
Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге техникалық іркілістер мен өсімпұлдың алдын алу үшін есептілік пен төлемдерді соңғы күнге қалдырмауға кеңес берді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:47, 29 маусым 2026
Ресейдегі жағдай Қазақстандағы шаруаларды жанармайсыз қалдыра ма: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
-
14:38, 29 маусым 2026
Қазақстанда қызанақ бағасы қымбаттай ма: Ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
-
14:25, 29 маусым 2026
Алматыда 400 орындық жаңа студенттер жатақханасы салынады
-
14:16, 29 маусым 2026
Жезқазғанда 29-30 маусым күндері қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі
-
14:06, 29 маусым 2026
Ақтөбе облысында полиция ерекше қорғалатын аумақта заңсыз балық аулаудың жолын кесті





