Қазақстанда бидай импортына шектеу енгізіледі

10:55, 29 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қазақстанда бидайды ел аумағына автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерден Қазақстанға бидайды автомобиль, теміржол және су көлігімен импорттауға алты ай мерзімге тыйым енгізу көзделген.

Сонымен қатар, бірқатар ерекшеліктер қарастырылған.

Атап айтқанда, теміржол көлігімен:

  • құс шаруашылығы кәсіпорындарына;
  • астық өңдеу кәсіпорындарына;
  • лицензияланған элеваторларға;

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның мекенжайына жеткізілетін бидайға бұл шектеу қолданылмайды.

Алайда аталған кәсіпорындарға әкелінген бидайды ішкі және сыртқы нарықта сатуға рұқсат етілмейді.

Сондай-ақ тыйым Қазақстан аумағы арқылы теміржолмен транзиттік тасымалданатын бидайға және ЕАЭО-ға мүше бір мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекетке Қазақстан арқылы жеткізілетін астыққа қолданылмайды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бұл шара отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға, ішкі нарықтағы өнім өткізу тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қазақстандық астық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатты талқылау 1 шілдеге дейін жалғасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!