Алма-Арасан шатқалындағы жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
© Сурет: Zakon.kz
Алма-Арасан шатқалында Toyota RAV4 пен Hyundai Accent көліктері қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota жүргізушісі мен екі көліктегі жолаушылар түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota RAV4 көлігін тізгіндеген қыз оңтүстік бағытта келе жатқан. Қарсы бағытта, солтүстікке қарай Hyundai Accent қозғалып келе жатқан. Hyundai қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Toyota көлігімен соқтығысқан.
Қатты соққыдан Toyota жол шетіне ығысқан. Ал Hyundai аударылып, төбесіне түскен күйі жолдан шығып кетіп, ағаш пен газ құбырының тірегіне соғылған.
Апат кезінде Hyundai көлігінің тізгініне нақты кім болғаны әзірше анықталған жоқ. Оқиға куәгерлері мен қатысушылардың айтуынша, көлікте болған адамдар бір-біріне қарама-қайшы жауап беріп, рөлде өзге адамның отырғанын айтып, жауапкершілікті бір-біріне жүктеген.
Жүргізушінің жеке басын анықтау үшін оқиға орнына криминалист шақырылды. Жол апатының мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:48, 28 маусым 2026
Францияда парашютшілер мінген ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
-
16:38, 28 маусым 2026
Аптап ыстық пен нөсер жаңбыр: 29 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады
-
15:23, 28 маусым 2026
Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады
-
15:15, 28 маусым 2026
Алматыдағы бір көше бір айға жабылады
-
14:19, 28 маусым 2026
Күн бетінде 2026 жылғы ең ірі дақтар пайда болды








