Шығыс Қазақстандағы танымал туристік орындардың бірқатарында әлі күнге дейін интернет жоқ
© Фото: pexels
Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар туристік аймақтарда интернетке қолжетімділік мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
24KZ телеарнасының мәліметінше, өңірдегі тоғыз танымал демалыс аймағында әлі де байланыс жоқ. Олардың қатарында:
Риддер қаласындағы тау-шаңғы курорттары;
- Марқакөл;
- Сібе көлдері;
- Киін-Керіш шатқалы бар.
Соған қарамастан, жергілікті билік бұл мәселені кезең-кезеңімен шешіп жатқанын мәлімдеді. Мәселен, Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасының жағалауы интернет желісіне қосылған. Бұған дейін демалушылар бұл аумақта жақындарына діттеген жеріне аман жеткені туралы да хабарлай алмайтындарын айтып жиі шағымданған. Қазір мұнда антенна-діңгек құрылғылары мен Starlink терминалдарының орнатылуының арқасында тұрақты байланыс қамтамасыз етілген.
Шығыс Қазақстан облыстық туризм басқармасы басшысының орынбасары Ирина Смиттің айтуынша, туристер көп келетін орындардың басым бөлігінде интернет бар.
"Танымал туристік орындардың көбінде интернет жұмыс істейді. Сібе көлдеріндегі мәселе де шешіліп жатыр. Әрине, келушілер саны аз нүктелер бар. Ондай жерлерге арнайы Starlink терминалдарын орнату әзірге қарастырылмаған. Біз үшін ең бастысы – туристер көп жиналатын орындарды сапалы байланыспен қамтамасыз ету", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында жүзеге асырылып жатқан өзгерістер туралы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:55, 29 маусым 2026
Қазақстанда бидай импортына шектеу енгізіледі
-
10:48, 29 маусым 2026
ДДҰ: Еуропа ең жылдам қызып жатқан құрлыққа айналды
-
10:25, 29 маусым 2026
Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады
-
10:14, 29 маусым 2026
Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек
-
10:06, 29 маусым 2026
Талапкерлерді 28 млн теңгеге алдаған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды





