Петропавлда өзбекстандықтарды заңсыз жұмысқа алған құрылыс компанияларына қылмыстық іс қозғалды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Петропавл қаласында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған құрылыс компанияларына қатысты қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының мультимедиялық ақпараттық порталының мәліметінше, қаладағы екі құрылыс нысанында жүргізілген тексеру барысында еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаты жоқ 11 Өзбекстан азаматы анықталған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған жұмыс берушілер бұған дейін де шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Осыған байланысты бұл жолы олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.
"Жұмыс берушілер бұған дейін де осындай заңбұзушылықтар үшін жауапқа тартылғандықтан, бұл жолы оларға қатысты қылмыстық істер қозғалды", – делінген хабарламада.
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 57 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көші-қон заңнамасын бұзған 39 шетелдік сот шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы орта мектепті күрделі жөндеу кезінде мердігер орындалмаған жұмыстар үшін 78 миллион теңге алғаны анықталған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:25, 29 маусым 2026
Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады
-
10:14, 29 маусым 2026
Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек
-
10:06, 29 маусым 2026
Талапкерлерді 28 млн теңгеге алдаған қазақстандық Албаниядан экстрадицияланды
-
09:53, 29 маусым 2026
Жамбыл облысында мектеп жөндеуіне бөлінген 78 млн теңге бюджетке қайтарылды
-
09:45, 29 маусым 2026
Шығыс Қазақстандағы танымал туристік орындардың бірқатарында әлі күнге дейін интернет жоқ





