Қазақстанда Антифрод-орталықтың жұмыс ережесі әзірленді
© Фото: пресс-служба Национального банка РК
ҚР Ұлттық Банкі алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (ҚР Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жобада алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Антифрод-Орталық) қызметін жүзеге асыру және оның қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ антифрод-орталықтың ақпаратын алу кезінде қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының нұсқауды орындаудан бас тарту және тоқтата тұру тәртібі мен мерзімдерін белгілеу көзделеді.
Сондай-ақ, жобада Антифрод орталығының функционалын кеңейту және тиімділігін арттыру мақсатында:
- клиент Антифрод-орталықтың дерекқорына енгізілген жағдайда қаржылық немесе төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін ұсыну тәртібі мен түрлері, сондай-ақ қаржылық немесе төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін клиенттің өтініш жасау тәртібі;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылатын және (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау және болғызбау мақсатында қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік пен құқық қорғау органдарының және Антифрод-орталықтың өзге де қатысушыларының өзара іс-қимыл жасау тәртібін;
- прокурор санкциялаған қылмыстық қудалау органының транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарламасында көрсетілген клиентке ақшаны қайтару тәртібін белгілеу көзделеді.
Жоба қаржы нарығындағы алаяқтық операциялардың санын азайтуға бағытталған шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ құқық қорғау мен ұлттық қауіпсіздік органдарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңсыз деп танылған немесе тыйым салынған транзакциялардың жолын кесуге жәрдемдесу жөніндегі функцияны қосу жолымен Антифрод-орталықтың функционалын кеңейту мақсатында әзірленді.
Жоба 23 шілдеге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:14, 16 желтоқсан 2025
Алматылық «Қайрат» әлемдегі ең үздік 500 футбол клубының қатарына енді
-
19:08, 16 желтоқсан 2025
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
-
18:52, 16 желтоқсан 2025
Димаш Құдайбергеннің қарындасының патриоттық видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
-
18:31, 16 желтоқсан 2025
Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
-
18:20, 16 желтоқсан 2025
Ауа райы күрт бұзылады: Астанада, Алматыда және өңірлерде дауылды ескерту жарияланды





