Қазақстан тұрғын үй компаниясы басшылығына Рустам Исаев келді
© Сурет: Алау
23 маусымда Рустам Исаев "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Рустам Исаев 1975 жылы туған. 1998 жылы "Қоғамдық қаржы" мамандығы бойынша Докуз Ейлюль университетін (Dokuz Eylul Universitesi, Түркия) бітірген.
Өзінің кәсіби еңбек жолын 1998 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясынан бастаған. "ҚазМұнайГаз" АҚ-да түрлі лауазымдарда, "ҚазТрансГаз-Алматы" АҚ еншілес ұйымында атқарушы директор болып жұмыс істеген. Жеке меншік секторда да жұмыс тәжірибесі бар.
2016 жылғы қыркүйек және 2021 жылғы маусым аралығындағы кезеңде "ҚазАвтоЖол" АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарған.
Қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі 20 жылдан астам.
Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Қазақстан тұрғын үй компаниясын басқарған Әділ Мұхамеджанов "Бәйтерек" холдингі Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 14 желтоқсан 2025
«Шұғыл ақша керек». Назым Қызайбай өзіне сыйға тартылған көлікті сатпақшы
-
17:50, 14 желтоқсан 2025
Астана, Алматы және еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 14 желтоқсан 2025
БҚО-да қатты боран соғып, кейбір елдімекендер жарықсыз қалды
-
16:42, 14 желтоқсан 2025
«Қалың қар жауып, қатты жел соғады». Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
-
15:58, 14 желтоқсан 2025
Атырауда барлық оқушы ертең онлайн оқитын болады





