Қазақстан Паралимпиада ойындарын рекордтық медальдар санымен аяқтады

12:53, 8 қыркүйек 2024

© Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан құрамасы Париждегі Паралимпиада ойындарында тоғыз медаль жеңіп алды. Соңғы жүлдені ел қолжынына 7 қыркүйекте дзюдошы Жұрқамырза Шұқырбеков салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

XVII жазғы Паралимпия ойындарында топ жарған Қазақстан құрамасының спортшылары

"Алтын":

  • Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг);
  • Ақмарал Науатбек (пара дзюдо);

"Күміс":

  • Еркін Ғаббасов (пара нысана көздеу);
  • Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу);
  • Ерғали Шамей (пара дзюдо);

"Қола":

  • Дастан Мұқашбеков (пара жеңіл атлетика);
  • Даяна Федосова (пара дзюдо);
  • Зарина Раифова (пара дзюдо);
  • Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо).

Парижде бүгін, 8 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да Паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!