Қазақстан мен Ресей екі кен орны бойынша келіссөз жүргізуде

16:16, 28 қазан 2021
70

© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев "Газпром" ЖАҚ Басқарма төрағасы Алексей Миллермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Санкт-Петербургтегі кездесуде тараптар газ саласындағы, соның ішінде газ өңдеу саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды.

Сондай-ақ қатысушылар Орынбор ГӨЗ-інің Қарашығанақ газын қабылдау тұрақтылығы мен Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру мәселелерін және т.б. талқылады.

Сонымен қатар кездесуде "Хвалынское" және "Имашев" кен орындарын игеру бойынша келіссөздерді қайта бастау туралы келісімге қол жеткізілді.

"Біз газ өңдеуге баса назар аудара отырып, мұнай-газ кен орындарын белсенді игеру бағытын қолға алдық. Ол үшін біз көмірсутектерді барлау мен өндіруді ынталандыратын бірқатар фискалдық және реттеуші преференциялар әзірледік. Соңғы жылдары елімізде газ тұтыну күрт өсті және көмірден газға көшуді, сондай-ақ газ-химияны дамытуды ескере отырып, одан әрі тұрақты өсетін болады", - деді кездесу барысында Қазақстанның энергетика министрі М.Мырзағалиев.

Өз кезегінде Алексей Миллер "Газпром" компаниясы жобаларға қызығушылық танытып, оларға қатысу шарттарын талқылауға оралуға дайын екенін айтты.

Тараптар бұл жобалардың қажеттілігін, сондай-ақ олардың экономикалық тиімділігін, соның ішінде екі ел үшін экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір