Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы екі өткізу бекеті тәулік бойы жұмыс істейтін болады

12:24, 29 маусым 2026

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Сенат депутаттары 29 маусымда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттері туралы келісімге енгізілетін хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған хаттамаға 2024 жылғы 8 тамызда Астанада қол қойылған.

Сенат депутаты Әлішер Сатвалдиевтің айтуынша, құжатқа сәйкес "Сырдария – Малик" және "Целинный – Оқ олтин" автомобиль өткізу бекеттерінің мәртебесі екіжақтыдан халықаралық (көпжақты) деңгейге өзгертіледі.

Сонымен қатар олардың жұмыс тәртібі де өзгереді. Бұған дейін тек күндіз жұмыс істеген бекеттер енді тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Бұдан бөлек, екі өткізу бекеті де тек жеңіл автокөліктерге арналған режимнен жүк-жолаушылар өткізу бекеті мәртебесіне көшіріледі.

Атап айтқанда:

  • "Целинный – Оқ олтин" өткізу бекеті арқылы жеңіл автокөліктер, бос жүк көліктері, сондай-ақ ірі көлемді және ауыр салмақты жүктер мен тауарлар өткізіледі;
  • "Сырдария – Малик" өткізу бекеті жеңіл автокөліктер мен бос жүк көліктерінің қозғалысына ғана арналған. Бұл бекет арқылы коммерциялық жүк тасымалы жүзеге асырылмайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда халықаралық өткізу бекеттерінің құрылысын 2027 жылы аяқтау жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!