Қазақстан мен Қатар іздеуде жүрген адамдар туралы деректер алмасады
© Фото: Zakon.kz
Құрылтай депутаттары 2026 жылғы 30 қыркүйектегі жалпы отырыста Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңды екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Құжатқа берілген қорытындыда келісімге 2024 жылғы 29 қазанда Доха қаласында қол қойылғаны көрсетілген.
"Келісім Қазақстан мен Қатар арасындағы ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қылмыстарға, есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына, заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін реттеуге бағытталған", – делінген құжатта.
Келісім аясындағы ынтымақтастық тараптардың құзыретті мемлекеттік органдарының сұрау салулары негізінде жүзеге асырылады.
Бұл екі елге:
- қылмыстық іс қозғалғанға дейін жедел ақпарат алмасуға;
- іздеуде жүрген адамдар туралы деректерді жедел салыстырып тексеруге;
- бірлескен оқу-жаттығулар өткізуге, технологиялар алмасуға және киберқылмыс пен ақшаны жылыстатуға қарсы күрес саласында біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді.
Екі оқылымда қарау қорытындысы бойынша Құрылтай депутаттары келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.
2026 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстанның трансұлттық қылмыстарды тергеу мүмкіндіктері кеңейетіні белгілі болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:24, 30 қыркүйек 2026
«Додо Пицца» клиенттерінің деректері жаппай тарады: хакерлер қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады
-
13:14, 30 қыркүйек 2026
Қылмыскер шетелге жасырынса да: ТМД елдері ақпарат алмасуды жеделдетеді
-
13:03, 30 қыркүйек 2026
Аптасына 20 рейс: қазақстандықтар Таиландқа жиірек ұша алады
-
12:55, 30 қыркүйек 2026
Шенеуніктер газға қосылмаған пәтерлерді сатып алып, орындалмаған жұмыстарға ақша төлеген
-
12:36, 30 қыркүйек 2026
Ауа температурасы -6°C-қа дейін төмендейді: Қазақстанда қазан айы күрт суытудан басталады





