Ауа температурасы -6°C-қа дейін төмендейді: Қазақстанда қазан айы күрт суытудан басталады
© Фото: Zakon.kz
Қазан айының басында Қазақстанда жаңбыр жауып, жел күшейеді. Кей өңірлерде үсік жүріп, жылбысқы қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, 2026 жылғы 1–3 қазанда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады.
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Ал батыс пен солтүстік-батыста жаңбырдың соңы жылбысқы қарға ұласады. Өңірлердің көпшілігінде жел күшейеді.
Сонымен қатар ел аумағында ауа райы айтарлықтай суытады.
- Қазақстанның батысында түнде ауа температурасы -1…-6°C-қа дейін төмендейді, күндіз небәрі +3…+8°C болады.
- Солтүстік-батыста күндізгі температура +15…+25°C-тан +5…+15°C-қа дейін төмендейді.
- Солтүстікте, шығыста және орталық өңірлерде ауа температурасы негізінен +13…+23°C болады.
- Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +20…+25°C, таулы аудандарда +10…+15°C күтіледі.
Бұған дейін метеорологтар 2026 жылғы 30 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның сегіз облысында -4°C-қа дейін үсік жүретінін ескерткен еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:24, 30 қыркүйек 2026
«Додо Пицца» клиенттерінің деректері жаппай тарады: хакерлер қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады
-
13:14, 30 қыркүйек 2026
Қылмыскер шетелге жасырынса да: ТМД елдері ақпарат алмасуды жеделдетеді
-
13:03, 30 қыркүйек 2026
Аптасына 20 рейс: қазақстандықтар Таиландқа жиірек ұша алады
-
12:55, 30 қыркүйек 2026
Шенеуніктер газға қосылмаған пәтерлерді сатып алып, орындалмаған жұмыстарға ақша төлеген
-
12:47, 30 қыркүйек 2026
Қазақстан мен Қатар іздеуде жүрген адамдар туралы деректер алмасады





