Қайғылы оқиға: Ақмола облысында мас әйел баласын емізген күйі ұйықтап қалған
© Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы Алакөл ауданында жазатайым оқиға орын алды. Түнде мас әйел баласын емізген күйі ұйықтап қалған. Ал таңертең тұрғанда емшектегі бала көгеріп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шақырту бойынша оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері баланың тұншығып, қайтыс болғанын растады.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі бойынша істі Алакөл аудандық соты қарады. Іс сотқа кінәні мойындау туралы жасасқан процестік келісіммен түсті.
Жаза тағайындауда сот әйелдің шын жүректен өкінгенін жазаны жеңілдететін, ал қылмысты алкогольдік масаң күйде жасағанын жазаны ауырлататын мән-жай деп ескерді.
Сот үкімімен әйелге қатысты 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін хирургтер ота жасау кезінде науқастың құлағын шатастырып алғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:04, 29 қыркүйек 2026
Президент тапсырмасы: Шымкентте үш ірі әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысы басталды
-
19:35, 29 қыркүйек 2026
Маңғыстау облысында бір отар қой қырылып қалды
-
19:24, 29 қыркүйек 2026
Каспий теңізіндегі трагедия: Facebook-тағы фейк жазба авторлары жауапқа тартылды
-
19:13, 29 қыркүйек 2026
Өзгелерді алдап, 106 млн теңгеден астам соманы иеленген күдікті Ресейден табылды
-
18:36, 29 қыркүйек 2026
Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді





