Шенеуніктер газға қосылмаған пәтерлерді сатып алып, орындалмаған жұмыстарға ақша төлеген
© Фото: pixabay
Атырау облысының прокуратурасы құрылысқа бөлінген бюджет қаражатын жұмсау кезінде болған екі заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші жағдай 2024 жылы Құрманғазы ауданында болған. Прокуратураның мәліметінше, жергілікті құрылыс бөлімі Құрманғазы ауылынан 600 млн теңгеге 30 пәтер сатып алған. Алайда кейін үйдің газ тарату желілеріне қосылмағаны анықталған.
"Бөлім басшысы бұл туралы сатып алу өткізілгенге дейін білген. Соған қарамастан, жекелеген кәсіпкерлерге артықшылық беретіндей етіп тендер ұйымдастырған", – деп нақтылады ведомство 2026 жылғы 29 қыркүйекте.
Ал Қызылқоға ауданында құрылыс бөлімінің басшысы мердігерге іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін 900 мың теңге аударған.
Мәселе Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралды. Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы қызметінен босатылды. Ал Қызылқоға ауданындағы әріптесіне толық емес қызметтік сәйкестігі туралы ескерту жасалды.
Прокуратураның хабарлауынша, өңірде осындай заң бұзушылықтарға жол берген тағы үш лауазымды тұлға жазаланған.
Айта кетейік, Қызылорда облысында жергілікті балабақшалардың бірінің бухгалтері 21,5 млн теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді. Қадағалау органының мәліметінше, маман төрт жыл бойы өзіне жалақыны жоғары мөлшерде есептеп отырған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:48, 30 қыркүйек 2026
Астанада жатақхана коменданты студенттерден 3 млн теңгеден астам ақша жинаған
-
13:39, 30 қыркүйек 2026
Қазақстандықтардың аккаунттарына шабуыл жасалды: ІІМ не дейді
-
13:24, 30 қыркүйек 2026
«Додо Пицца» клиенттерінің деректері жаппай тарады: хакерлер қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады
-
13:14, 30 қыркүйек 2026
Қылмыскер шетелге жасырынса да: ТМД елдері ақпарат алмасуды жеделдетеді
-
13:03, 30 қыркүйек 2026
Аптасына 20 рейс: қазақстандықтар Таиландқа жиірек ұша алады





