Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем кубогының алғашқы кезеңін бір медальмен аяқтады
© Сурет: olympic.kz
Қытайдың Бейжің қаласында конькимен жүгіруден 2026/27 маусымындағы әлем кубогының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетт, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үш күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы бір күміс медаль жеңіп алды.
Ұлттық құрама қоржынына жалғыз жүлдені Кристина Шумекова салды. Ол А дивизионында 1000 метр қашықтықта 1 минут 15,65 секунд нәтижесімен екінші орынға ие болды. Сондай-ақ спортшы В дивизионында 1500 метрде тоғызыншы, 3000 метрде алтыншы орын алды.
Ең мықты спортшылар сынға түскен А дивизионындағы 500 метр қашықтықта Кристина Силаева мен Евгений Кошкин өнер көрсетті. Алғашқы жарыста Силаева 11-орын алса, екінші жарыста 15-орынға тұрақтады. Кошкин сәйкесінше, қос сайыстың қорытындысы бойынша 13-ші және 15-ші орындарға ие болды. Бұдан бөлек, Силаева 1000 метр қашықтықта 20-орынға жайғасты.
В дивизионында Алина Дауранова 500 метр қашықтықтағы алғашқы жарыста тоғызыншы, екіншісінде 12-орын алды. Артур Галиев осы қашықтықтағы алғашқы жарысты 18-орынмен аяқтаса, 1000 метрде 17-нәтиже көрсетті. Ал Никита Важенин 500 метрдегі екінші жарыста 19-орынға тұрақтады.
1500 метр қашықтықта В дивизионында Мария Деген 17-орын алса, Инесса Шумекова 18-сатыға жайғасты. Нұралы Ақжол мәреге 20-болып жетті. Ал 1000 метрде Инесса 16-нәтиже көрсетсе, Дарья Важенина 21-орын алды.
Мария Деген 3000 метр қашықтықта 14-орынға тұрақтады. Ал Вадим Якубовский 5000 метрде 17-нәтиже көрсетті. Екеуі де В дивизионында өнер көрсетті.
Жарыстың соңғы күнінде командалық із кесу сайысы өтті. Мария Деген, Кристина және Алина Шумековалардан құралған Қазақстан әйелдер құрамасы А дивизионында 3 минут 5,85 секунд нәтижесімен жетінші орын алды.
Андрей Зуев, Вадим Якубовский және Виталий Щиголев өнер көрсеткен ерлер құрамасы В дивизионында 3 минут 53,88 секунд нәтижесімен алтыншы орынға ие болды.
Сондай-ақ Алина Шумекова әйелдер арасында масс-стартта тоғызыншы орын алды.
Әлем кубогының келесі кезеңі 20-22 қараша күндері Жапонияның Обихиро қаласында өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:55, 16 қараша 2026
Жаңбыр, қар, көктайғақ: 17 қарашада қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:13, 16 қараша 2026
Әділет Тұрғанбаев ҚР туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалды
-
20:01, 16 қараша 2026
Қазақстанда балаларға арналған SIM-карталар не береді
-
19:58, 16 қараша 2026
Елімізде мұғалімдерге арналған бірыңғай қолдау телефоны іске қосылуы мүмкін
-
19:58, 16 қараша 2026
Қазақстанда мұғалімдерге арналған бірыңғай қолдау телефоны іске қосылуы мүмкін





