Қазақстан қалаларындағы баспана бағалары: ең арзанын қай өңірден кездестіруге болады

17:58, 13 қаңтар 2025

© Сурет: pixabay

Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығындағы тұрғын үй бағасында қандай өзгерістер болды? 2024 жылы ең қымбат баспана қай қалаларда тіркелді? Бұл сауалдарға жауапты Zakon.kz жариялаған материалдан оқып-біле аласыздар.

ҚР Ұлттық статистикалық бюросының мәліметінше, бір жылда (2024 жылғы желтоқсан 2023 жылғы желтоқсанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 4,2%, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылы 7,9% жоғарылады.

Өңірлер кесіндісінде алғашқы нарықта жылдық мәнінде баға едәуір Ақтөбе қаласында – 12,8%, Көкшетау қаласында – 10,1%, Тараз қаласында 10% қымбаттады. Қайталама нарықта баға өсімінің лидері – Атырау қаласы (16,9%), Астана қаласы (12,9%), Қонаев қаласы (10,1%), тұрғын үйді жалға алу нарығында – Талдықорған қаласы (26,6%), Астана қаласы (25,8%), Шымкент қаласы (18,6%), Орал қаласы (16,8%), Петропавл қаласы (16,4%).

Кесте, тұрғын үй нарығы, Қазақстан, 2024, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 17:58

Сурет: ҚР Ұлттық статистикалық бюросы

2024 жылғы желтоқсан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 50 046 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 10 488 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 39 558 мәміле жасалды. 2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда (39 421) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 27%-ға өсті. Мәмілелер саны бойынша Астана (9 911 – 19,8%) және Алматы (8 845 – 17,7%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (3 638 – 7,3%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 645 мәміле (1,3%).

2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда желтоқсанда мәмілелер өсімі, Алматы облысын қоспағанда, барлық өңірлерде байқалады, онда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны тек 0,2%-ға азайған. Ең көп өсім Қызылорда (+70,2%), Жамбыл (+45,3%) облыстарында және Астана (+42,2%) қаласында тіркелді.

2024 жылдың қарашасымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны 26,6%-ға (8 302 мәмілеге) көбейді. 2024 жылдың желтоқсан айында пәтерлер бойынша барлығы 39 558 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 79%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (24,7%), Алматы (20,7%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2-бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2024 жылдың желтоқсан айында олар бойынша 14 980 мәміле ресімделген.


Кесте, тұрғын үй нарығы, Қазақстан, 2024, баға, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2025 17:58

Сурет: ҚР Ұлттық статистика бюросы

2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда, 2024 жылдың желтоқсанында жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 28,5%-ға (2 323 мәмілеге) өсті. Желтоқсанда барлығы 10 488 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қызылорда (+86,2%), Ұлытау (+64,9%) және Шығыс Қазақстан (+57,4%) облыстарында байқалды. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының бір айдағы төмендеуі тіркелмеген.

2024 жылғы желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері алдыңғы жылдың тиісті айымен салыстырғанда 32,3%-ға көбейген, ол кезде 37 818 мәміле ресімделген болатын. Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Павлодар облысында (72,4%) байқалады, ең үлкен төмендеу – Түркістан облысында (-13,9%). 2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы мәмілелер санын 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 16,8%-ға өсім байқалады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!