Қазақстан әншісі Мерей Зейнеш Нью-Йоркте Гран-при иегері атанды

21:58, 15 қараша 2016

Австралияның, Канаданың, Францияның және Жапонияның дарынды әншілері қатысқан фестивальда ерекше дауысы мен ән орындау мәнері жерлесіміз Мерей Зейнешті жеңіске жеткізді. Жас талант тырнақалды туындысын небәрі 17 жасында өмірге әкеліп, 2011 жылы Оңтүстік Кореяда өткен дүниежүзілік поп-фестивальдің жеңімпазы атанған екен.

Енді міне, 25 жастағы жас әнші Астанадан АҚШ-қа арнайы келіп, Нью-Йорк қаласын өнерімен бағындырды. Өскемендік өрен оқуын енді АҚШ-та жалғастырмақ. 

Мерей Зейнеш, Нью-Йорк қаласында өткен фестивальдің бас жүлдегері

-Фестиваль еліміздің айтулы күнінің қарсаңында болғандықтан, мен жеңісімді Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнадым. Концерт залында біздің байрағымыз желбіреп тұрды. Көрермендер еліміз туралы көбірек біліп, енді Қазақстанды одан әрі құрметтей түседі.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!