Қазақстан ЕАЭО шеңберінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялады
© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 24 қаңтарда "Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алуды жүзеге асыру кезінде банк кепілдіктерін өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін бұл келісімді Сенат депутаттары мақұлдаған болатын.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Заңның негізгі мақсаттары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында қол қойылған Келісімнің орындалуын қамтамасыз ету, ол бір елдің резидент-банктері Одаққа мүше басқа елдің мемлекеттік сатып алуларына қатысу үшін беретін банктік кепілдіктерді пайдалануды қамтамасыз ететін құқықтық нормаларды белгілеу болып табылады. Заң сондай-ақ осындай кепілдіктер бере алатын банктерге қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктік кепілдіктер тізілімін жүргізу тетіктерін айқындайды.
Келісім Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы банктік кепілдіктерді өзара тану мақсатында әзірленіп, оған 2023 жылғы 29 тамызда Мәскеуде қол қойылған.
Бұған дейін Мемлекет басшысына Ұлттық банктің былтыр жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есебі мен 2025 жылға арналған монетарлық реттеу жоспары баяндалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:29, 13 ақпан 2026
Астанада өткен сотта Бишімбаевтың анасы жеңіске жетті
-
20:18, 13 ақпан 2026
Қарағандыда киім-кешек сататын дүкендер желісінің иесі 7 жылға сотталды
-
20:06, 13 ақпан 2026
«Күн күрт жылынады»: Алматы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы
-
19:44, 13 ақпан 2026
Головкин жарыс алдында Шайдоровпен жүздесіп, өз ақылын айтты
-
19:33, 13 ақпан 2026
2026 жылғы Олимпиада: биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды





