ІІМ терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жауапкершілік барын еске салды
© Сурет: ҚР ІІМ
2024 жылы ішкі істер органдары әртүрлі нысандарда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы көрінеу жалған хабарламалар бойынша 247 қылмыстық іс тіркеді.
"Жалған терроризм" фактілер үшін 48 күдікті ұсталды, олардың 15-і кәмелетке толмағандар. Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке 13 адам, оның ішінде бір жасөспірім тартылды.
Егер жалған хабарламаларды жіберуші қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген жағдайда, оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Өткен жылы мұндай шаралар 6 ересек адамға қолданылды. Сонымен қатар сот шешімімен жалған шақырту салдарынан объектінің иесіне немесе мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы қылмыскерге талап-арыз қойылады.
"Залал мөлшері екі миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", – деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:20, 5 наурыз 2026
5 наурызға арналған Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы
-
11:06, 5 наурыз 2026
Қазақстанда дәрілерді айналымнан алу ережелеріне өзгерістер енгізілді
-
10:56, 5 наурыз 2026
Экологиялық әдеттер бала кезден басталады
-
10:48, 5 наурыз 2026
Жұмыссыз қазақстандықтарға жаңа мамандықтарды тегін оқуға болады
-
10:30, 5 наурыз 2026
Сенат Жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босатты





