Қазақстан спортшыларының жас санатына өзгеріс енгізілді

© Сурет: iijf.org
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Қоғамдық кеңес мүшелері "Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрықты қарастырып, мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Атап айтқанда, құрамаларға қабылдану үшін қажетті құжаттар тізімі өзгертілді. Енді аккредиттелген спорт федерациялары спортшылардың бірінші және жеке жаттықтырушыларын көрсете отырып, нотариуспен куәландырылған өтініштерді ұсынуға тиіс". ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Тағы бір маңызды шешім – спорт резервін даярлайтын және жоғары білікті спортшыларды тәрбиелейтін спорт ұйымдарында спортшылардың жас санын реттейтін бұйрықтың өзгеруі. Ондағы негізгі өзгерістер:
- Грек-рим күресі: жастар жасы 18-23-тен 18-20 жасқа, ересектер жасы 23-тен 21 жасқа дейін төмендеді;
- Дзюдо: жасөспірім шақ жасы 12-18-ден 13-17 жасқа, жасөспірімдер жасы 18-21-ден 18-20 жасқа, жастар жасы 21-23-тен 21-22 жасқа дейін төмендеді;
- Шорт-трек: балалар жасы 7-10-нан 5-7 жасқа дейін, жасөспірімдер жасы 11-15-тен 8-15 жасқа дейін қысқарды.
Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, ерекше жандарға арналған мамандандырылған мектептерде оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін жас шектеулері алынып тасталатын болды.
Бұған дейін шайбалы хоккейден Қазақстан қыздар құрамасы екінші рет ірі есеппен жеңіске жеткенін хабарлағанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:16, 18 ақпан 2025
Дохадағы ATR-500 турнирінің 18 ақпандағы матч кестесі: алаңға Александр Бублик шығады
-
11:04, 17 ақпан 2025
UFC белбеуінің экс-үміткері қоштасу жекпе-жегін өткізеді
-
12:45, 16 ақпан 2025
Азия ойындарында чемпион атанған хоккейшілер елге оралды
-
11:24, 16 ақпан 2025
Әлемнің бірінші ракеткасы үш айға жарыстан шеттетілді
-
09:56, 16 ақпан 2025
Қазақстандық теннисші карьерасында алғаш рет «Челленджердің» жұптық сынында жеңіске жетті