Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

17:13, 28 шілде 2026
MKZ: 1558453

© Сурет: International judo federation

Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Макаода өткен Азия кубогында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жарыста отандастарымыз үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды.

Ерхан Мұрат (60 келіге дейін), Нұрлан Исатаев (66 келіге дейін), Архат Өтеген (90 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Абылай Алмабек (60 келіге дейін), Айымзада Думанқызы (78 келіден жоғары), Әлішер Слямжанова (90 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Жанаділ Абай (60 келіге дейін), Аниса Иботолла (70 келіге дейін), Али Тұрсынбек (90 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!