Алматыда 28 шілдеден бастап бірнеше автобустың жүріс бағыты өзгереді
© Сурет: Zakon.kz
2026 жылдың 28 шілдесінен бастап Алматыда бірқатар автобус маршруттарының жүріс бағыты уақытша өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Көлік холдингінің баспасөз қызметі атап өткендей, өзгеріс жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және Хо Ши Мин көшесінің Универсиадная көшесінен Т. Рысқұлов даңғылына дейінгі (солтүстік бағыттағы) учаскесінде қозғалыстың толық жабылуына байланысты орын алуда. Сондай-ақ №19 және №96 маршруттардың соңғы аялдамалары да уақытша өзгереді.
Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін шектеулер қолданылады.
№19
- Батыс бағытта: Бауыржан Момышұлы көшесі (солтүстік) – Универсиадная көшесі (батыс) – Хо Ши Мин көшесі (солтүстік) – Мұхамедханов көшесі – Мұхамедханов көшесімен кері бұрылу – Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (шығыс) – "Нұркент" шағын ауданының соңғы аялдамасы.
- Кері бағытта: "Нұркент" шағын ауданының соңғы аялдамасы – Универсиадная көшесі (шығыс) – Бауыржан Момышұлы көшесі (оңтүстік) – әрі қарай сызба бойынша.
№84А
- Оңтүстік бағытта: Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (шығыс) – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: өзгеріссіз.
№96
- Оңтүстік бағытта: Бауыржан Момышұлы көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (батыс) – Хо Ши Мин көшесі (солтүстік) – айналма жол арқылы кері бұрылу – Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (шығыс) – "Нұркент" шағын ауданының соңғы аялдамасы.
- Кері бағытта: "Нұркент" шағын ауданының соңғы аялдамасы – Универсиадная көшесі (шығыс) – Бауыржан Момышұлы көшесі (солтүстік) – әрі қарай сызба бойынша.
№109
- Оңтүстік бағытта: Хо Ши Мин көшесі (оңтүстік) – Универсиадная көшесі (шығыс) – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: өзгеріссіз.
Бұған дейін Көлік министрлігі аптап ыстықта асфальт жол жабындыларының неге деформацияға ұшырайтынын айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:54, 27 шілде 2026
«Көрсетілген процедурадан кейін адамның жағдайы нашарлаған». Ақтауда медициналық орталық жазаланды
-
20:44, 27 шілде 2026
Грант бойынша міндеттемесін орындамаған студент мемлекетке тұрақсыздық айыбын төлемейтін болды
-
20:44, 27 шілде 2026
Павлодарлық студент грант бойынша міндеттемесін орындамаған әрі мемлекетке тұрақсыздық айыбын төлемейді
-
20:12, 27 шілде 2026
U17 әлем чемпионаты: қазақстандық қос балуан жартылай финалға шықты
-
19:58, 27 шілде 2026
Шартты түрде сотталған павлодарлық әйел өтірігі үшін түрмеге тоғытылды





