Қазақстанның танымал демалыс орындарының бірінен шу шықты

18:41, 27 шілде 2026
MKZ: 1558276

© Фото: zakon.kz

Бурабайға демалуға барған бір отбасы, керісінше жүйкесін жұқартып қайтты. Ақылы жағажайлардың бірінде демалушыларға ақша төлемегені үшін көлге түсуге рұқсат бермей қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орын алған оқиға жайлы құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін баршаға аян болды. Видеодан демалушылардың суға қарай өтуге тырысқаны, ал жағажай қызметкері тек төлем жасағаннан кейін ғана оларды кіргізе алатынын айтқанын көруге болады.

Әкімшінің сөзінше, ересектер үшін кіру құны — 3 000 теңге, ал 5 пен 14 жас аралығындағы балалар үшін — 2 000 теңге.

Бұл оқиға құқық қорғау органдары назарын да аудартты. Ақмола облыстық полиция департаменті хабарлағандай, бұл шағым Бурабай аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, тексеру де ұйымдастырылған.

"Жалпы су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін ақылы жағажай әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды", деп хабарлады өңірлік ПД өкілдері 2026 жылғы 27 шілдеде Zakon.kz тілшісіне.

Бұған дейін Алматыда полиция сұйық тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгуге қарсы бақылауды күшейткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!