Қазақстан-Дания матчы: Александр Бублик күтпеген жерден қарсыласына жол беріп алды

15:44, 14 қыркүйек 2024

© Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Астанада Қазақстан мен Дания құрамалары арасында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобының матчтары басталды. Жекелей сында кортқа бірінші болып шыққан Қазақстан теннисінің үздігі Александр Бублик (АТР рейтингісінде 27-орындағы) қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ATP рейтингінде 247-ші орында тұрған Эльмер Миллермен өзара бақ сынасты.

Бірінші сетте 6:1 есебімен Бублик суырылып алға шыққан еді, алайда екінші партияда дат спортшысы 6:2 нәтижесімен оған есе қайырды.

Үшінші сетте де Меллер жеңіс тізгінін бермеді. Есеп — 6:2.

Осылайша Дания Қазақстанмен текетіресте 1:0 болып басымдық танытты.

Келесі ойын кезегі Александр Шевченко мен Август Хольмгрен арасында өтеді.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жеке және бір жұптық кездесуден тұрады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!