Қазақ дәрігері Германияда ерекше ілтипатқа ие
Саналы ғұмырының 20 жылын медицинаға арнап, ми, жұлын, жүйке жүйесіне ауыр операцияларды жасап жүрген Еуропадағы қазақ жігітінің есімі әлемге танылып келеді. Нейрохирург Жәдік Шенол Германияда туылып, тарихи отанына тек бір рет келген. Десе де ол қазақ тілінде еркін сөйлейді, сонымен қатар, әлемнің жеті тілін жетік меңгерген, деп хабарлайды Kazakh-tv.kz.
Жәдік Германияда медициналық білім алып, дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі клиникаларда тәжірибе алмасқан, танымын кеңейту жолында тынымсыз еңбек етіп жүр. Қазір ол Киль университеті ауруханасының нейрохирургі, Еуропа, Азия, АҚШ елдерінде халықаралық конференцияларға қатысады, студенттерге дәріс оқиды.
Жәдік Шенол, медицина ғылымдарының докторы: - Қазір менің тәжірибем сол 20 жылға жуық уақыт болды. Сол нейрохирургияға бастағалы. Мен осы бәрін тізбектеп отырдым. Қазірге шейін сол 4 мыңнан астам ауруға нефрохирургиялық ота жасадым. Оның ішінде мидың ісіктері бар, мидың тамырындағы аурулар, миға қан құйылған. Мидың су жиналғаны, гидроцефалия дейміз немесе жұлын, жұлындағы аурулар, жұлындағы рактар, жұлындағы дегенерация дейміз.
Дәрігердің тарихи отанына деген сүйіспеншілігі мен құрметі ерекше. Ол сәті келсе елден келген қазақ балаларына операцияны тегін жасайды.
Жәдік Шенол, медицина ғылымдарының докторы:- Өзіңіз де білесіз, медицина күн сайын өзгеріп жатыр, күн сайын күрделі болып жатыр. Соған аз да болса, өзіміз де бір үлесімізді қоссақ. Одан ары жақсартуға, адам баласына қашан да болса, пайдамыз тисе. Бізге қиналып келген аурулар бар. Оларға операция жасап біткеннен кейін, олар риза болып кетеді. Жастарамызға айтарым, қашан да болса еңбек етсін, тілін білсін, жалқау болмасын.
Жәдік Шенол Еуропа елінде өмір сүрсе де қазақтың салт-дәстүрін сақтап, ана тілінде сөйлейді. Оның төрт баласы қазақ жерін мүлдем көрмеген. Жат жерде өсіп-өнсе де, қазақша еркін сөйлеп ана тілді ұлықтап жүреді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:12, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлері аталды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
-
19:56, 15 желтоқсан 2025
70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды





