«ҚазАгроҚаржы» жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша қабылдайды

14:05, 26 қараша 2024

© Сурет: "ҚазАгроҚаржы" АҚ

"ҚазАгроҚаржы" АҚ отандық өндірілген және/немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жылдық 5%-бен "Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы бойынша қосымша өтінімдер қабылдау туралы хабарлайды.

Өтінімдер қабылдау үшін ҚазАгроҚаржының "@KazAgroFinance.bot" Telegram bot арқылы электронды кезек қалыптасады.

Клиент Telegram bot арқылы өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өңірдегі "ҚазАгроҚаржы" филиалының біріне құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс.

Филиалдардың байланыс телефондары мен мекенжайлары www.kaf.kz компания сайтында көрсетілген.

"Жеңілдікті лизинг" бағдарламасы отандық өндірілген және/немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға бағытталған:

  • мөлшерлеме: жылдық 5%
  • лизинг мерзімі: 7 жылдан аспайды
  • Бірінші лизингтік төлем: 10%-тен кем емес

"ҚазАгро" Қаржы" акционерлік қоғамы "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ компаниялар тобына кіреді.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге лизингтік қызметтер көрсететін ірі қаржы институты.

Компания 24 жылдан астам уақыттан бері еліміздің аграрлық секторында техникалық жарақтандыруды дамыту аясында қызмет етіп келеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!