Мысырда туристер толы яхта теңізге батып кетті

18:46, 25 қараша 2024

© Сурет: pixabay

Мысырдың Марса-эль-Алам қаласы маңында ішінде 31 турист пен 14 экипаж мүшесі болған яхта теңізге батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky news-тің хабарлауынша, 17 адам хабар-ошарсыз кеткен.

"Мысыр билігі туристік кеме Қызыл теңізге батқанын, төтенше жағдай кезінде 28 адам құтқарылып, ал 17 адам хабар-ошарсыз кеткенін нақтылады", делінген хабарламада.

Апат тіркелген провинция губернаторы генерал-майор Амир Ханафи тірі қалғандар қаланың оңтүстігінде, Вади-Эль-Гемал аймағында табылғанын жеткізді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

 

Оның айтуынша, Мысырдың Әскери-теңіз күштері мен әскери авиациясы жоғалған адамдарды іздеу шараларын күшейтуде.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!