Абай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа басшы тағайындалды

19:37, 25 қараша 2024

© Сурет: gov.kz

Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Руслан Серікханұлы Омаров Абай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Руслан Серікханұлы 1978 жылы Семей облысында дүниеге келген.

Б. Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернатының түлегі.

1999 жылы Түркия Республикасы Құрлық әскерлерінің әскери академиясын («басқару жүйесінің инженері»), 2000 жылы Түркия Республикасының артиллерия мектебін тәмамдаған.

2018 жылы Ұлттық қорғаныс университетін "Әскери істегі менеджмент" мамандығы бойынша бітірген.

ҚР Қарулы күштерінде взвод командирінен бастап, құраманың артиллерия штабының бастығына дейінгі лауазымдарда қызмет етті.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде Зымыран әскерлері және артиллерия штабында жауынгерлік дайындықты басқарды.

Жаңа тағайындауға дейін ҚР ҚК Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының (цифрландыру жөніндегі) орынбасары қызметін атқарды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!