Ерлан Қарин бастаған қазақстандық делегация Қытайда өткен іс-шараларға қатысты
© Сурет: akorda.kz
Медиа және талдау құрылымдары өкілдерінен жасақталған Қазақстан делегациясы Бейжіңде бірқатар іс-шараға қатысты. Делегацияны Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастап барды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерлан Қарин Қытайдың Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің Насихат бөлімінің меңгерушісі Ли Шулэймен кездесті.
Басқосуда тараптар өз елдерінде атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық саладағы жұмыстың негізгі бағыттарымен таныстырды. Екі елде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады. Сондай-ақ Қазақстанда өтетін "Орталық Азия – Қытай" екінші саммитіне орай бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға уағдаласты.
Ерлан Қарин Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының президенті Гао Сянмен жүздесті. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтарының алғашқы форумында сөз сөйледі.
Форум аясында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ екі елдің талдау орталықтарының ынтымақтастығын одан әрі дамытуға арналған жұмыс сессиясы өтті.
Сапар аясында Қазақстанның мемлекеттік телекомпанияларының басшылары Қытайдың аса ірі "China Media Group" медиа корпорациясының қызметімен танысты. Кездесу барысында олар қытайлық әріптестермен ақпарат саласындағы ықпалдастықты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Сонымен бірге Мемлекеттік кеңесші Қытай Халық университетінің профессорлық-оқытушылық ұжымына және студенттеріне дәріс өткізді. Дәріс барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы жан-жақты мәлімет берілді.
Мемлекеттік кеңесші кездесулердің қорытындысы бойынша ауқымды іс-шараларды ұйымдастырғаны үшін қытайлық әріптестеріне алғысын білдірді. Екі ел басшыларының арқасында Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жан-жақты мәңгілік стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:32, 25 қараша 2024
Қызыл теңізге батқан туристер толы кемеде қай елдердің азаматтары болғаны белгілі болды
-
20:19, 25 қараша 2024
Дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында Қазақстан бірінші орынға ие болды
-
19:37, 25 қараша 2024
Абай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа басшы тағайындалды
-
19:34, 25 қараша 2024
Қазақстандық дәрігерлер пестицидтермен күрес тәсілдерін меңгерді
-
19:22, 25 қараша 2024
Оралда Шаған өзеніне секіріп кеткен бойжеткен құтқарылды