Алматыда алдағы күндері +15 градусқа дейін күн жылынады

16:13, 26 қараша 2024

© Фото: пресс-служба акимата Алматы

"Қазгидромет" РМК мамандары Алматыда алдағы үш күнде – 2024 жылдың 27-29 қарашасында болатын ауа райы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік астанада алдағы күндері жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +15°С-қа дейін көтеріледі.

Алматыда:

27 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2°С аяз, күндіз +11+13°С жылы.

28-29 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +13+15°C.

Елордада және еліміздің үшінші мегаполисінде ауа райы қандай болатынын да білдік.

Астанада:

27 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -10-12°С, күндіз -3-5°С аяз.

28 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -12-14°С, күндіз -3-5°С аяз.

29 қараша – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -12-14°С, күндіз -5-7°С аяз.

Шымкентте:

27 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°C, күндіз +16+18°C.

28 қараша – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°C, күндіз +16+18°C.

29 қараша – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +6+8°C, күндіз +13+15°C.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!