Қазақстандық дәрігерлер пестицидтермен күрес тәсілдерін меңгерді
© Сурет: pixabay
Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы арнайы семинар өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оңтүстік астанаға өңірлерден келген токсиколог дәрігерлер, жедел жәрдем қызметкерлері химиялық қоспадан уланған кезде дұрыс диагностика жасауды үйренді. Нақты ем көрсету және денсаулыққа мейлінше зардабын азайту жөнінде тәжірибелерін толықтырды. Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілдері елдің бес өңірінде зерттеу жүргізген. Тәжірибе фермерлердің пестицидтерді орынсыз қолданатынын, жеке бастың қорғанысына аса мән бермейтінін көрсеткен. «Зиянкестерге қарсы заттың үздіксіз әсері қатерлі ісік ауруына, Альцгеймер және Паркинсон дертіне, гормондық ауытқуға әкеп соқтырады», – дейді дәрігерлер, деп хабарлайды 24KZ.
"Пестицидтермен күресте алғашқы қадам – ауыл шаруашылығында еңбек ететін адамдардың қорғаныс тәсілдерін меңгеруіне күш салу. Сонымен қатар Ұлттық токсикологиялық орталық құру керек. Бұл медицина қызметкерлерінің біліктілігін артыруға, ортақ емдеу механизмін құруға, пестицидтер мен химиялық заттардан уланудың алдын алуға көмектеседі". Мухсин Ақбаба, медицина ғылымдарының докторы, профессор
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:47, 25 қараша 2024
Ақмола облысында ұшты-күйлі жоғалған екі адамның орналасқан жері анықталды
-
21:42, 25 қараша 2024
«Тұман, көктайғақ, қатты жел». Еліміздің 10 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:32, 25 қараша 2024
Қызыл теңізге батқан туристер толы кемеде қай елдердің азаматтары болғаны белгілі болды
-
20:19, 25 қараша 2024
Дзюдодан жасөспірімдер арасында өткен Еуропа кубогында Қазақстан бірінші орынға ие болды
-
19:37, 25 қараша 2024
Абай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жаңа басшы тағайындалды