Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Президент сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады

14:01, 18 наурыз 2024

© Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады.

Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!