Каспий теңізіндегі ең үлкен аралда 52 жастағы ер адам тұрады
Петр Лупенков «Құлалы» аралында 23 жылдан бері өмір сүріп келе жатыр. Ол теңіздегі кемелер мен теңізшілердің қауіпсіздігіне атсалысып жүр. Теңіздегі ауа-райын бақылайды.
Азаматтың жапандағы аралда жалғыз жүруіне не себеп?
Гүлмира Әбішева, тілші:
-Мынау Каспий теңізіндегі ең үлкен арал. «Құлалы» түбегінің ұзындығы 35, ал ені 5 шақырымды құрайды. Бұл жер Ақтау қаласынан шалғайда, 160 шақырым жерде жатыр. Мұнда «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының техникалық бақылау бекеті орналасқан. Бекет жұмысын бастағанға дейін бұл жапан далада жалғыз адам өмір сүрді.
Жамбыл облысының тумасы Петр Лупенков аралда 23 жылдан бері тұрып жатыр. Бастапқыда теңіздегі ауа райын зерттеу үшін уақытша келген екен. Мұндағы көркем табиғатты қатты ұнатқандықтан, жас метеоролог аралда қалуды ұйғарады. Петр Иванович осы жылдар ішінде табиғатқа етене жақындай түсті. Қазір оны аралдағы аң-құстың бәрі таниды. Тіпті түз тағысы қасқырдың да тілін тапқан.
Петр Лупенков, арал тұрғыны:
-Бірде серуендеп қайтайын деп, шығысқа қарай шыққам. Қарсы алдымнан 12 қасқыр шықты. Түз тағысымен алғаш рет бетпе-бет келуім. Мені көрді де қаз-қатар тізіліп отыра кетті. Шегінерге жол жоқ. Не де болса алға қарай адымдадым. Көзім көздеріне түйісті. Қорқынышымды сездірмеуге тырыстым. Ұзап кеткенімше қарады да тұрды. Тиіскен жоқ. Жыртқыштар сезімтал келеді. Негізінен қорыққан не айбат шеккен адамдарға шабады.
Оның жанына қала емес, дала жақын. Сондықтан да қалаға көшуді ойламайды да. Қажетті заттарын өткен-кеткен кемелермен алдыртады. Петр Лупенковтың Каспийдегі теңізшілер үшін қызметі зор. Ол мұндағы ауа райын зерттейді. Әр үш сағат сайын су деңгейін, толқынның биіктігі мен желдің жылдамдығын бақылап, орталыққа хабарлап отырады. Бұл теңізде жүрген кемелер мен балықшылардың қауіпсіздігі үшін аса қажет. Аралда жағалау күзетінің техникалық-бақылау бекеті ашылған соң, Петр Лупенков шекарашыларға да ерікті түрде қолұшын бере бастады.
Нұрхат Сегізбаев, «Жағалау күзеті» ӨБ «Құлалы» техникалық бақылау бекетінің басшысы:
-Петр Иванович аралдағы жалғыз көршіміз. Ол кісімен бір үйдің баласындай араласып кеттік. Бұл маңды жақсы білетіндіктен, бізге ақыл-кеңесін айтып, жол көрсетіп отырады. Аралда ауыз су жоқ. Петр Лупенков шағын қондырғының көмегімен бізге теңіздің суын тұщытып, тазартып береді.
Перт Лупенков браконьерлермен күрес шараларына да белсене араласады. Моторлы қайығымен айналаны күніне бір шолып шығуды өз міндетіне айналдырған. Талай қаскөйлерді ұстауға атсалысыпты. Бастысы, ол бұл қызметтерді жүрек қалауымен атқарады.
Авторлары: Гүлмира Әбішева, Саламат Бекбаев
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:54, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте 16 магнит тасын жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл ота жасалды
-
22:49, 17 желтоқсан 2025
«Қарлы боран тұрады». 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:14, 17 желтоқсан 2025
Түркістан облысында көпір қирады
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған көпбалалы ана сотталды
-
21:58, 17 желтоқсан 2025
Шымкентте көпбалалы ана сотталды





