Қаржылық мониторинг агенттігінде кадрлық өзгерістер болды

17:38, 4 наурыз 2025

© Сурет: freepik

Қаржы мониторингі агенттігінде бірқатар кадрлық өзгеріс болды. Бұл туралы сейсенбі, 2025 жылғы 4 наурызда агенттіктің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне хабарлады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығымен:

  • генерал-майор Саят Махметұлы Саукомбеков Жеке қауіпсіздік департаментінің басшысы;
  • генерал-майор Еркебұлан Төлегенұлы Асанбаев Тергеу департаментінің басшысы;
  • полковник Руслан Игорьевич Остроумов Жедел департаментінің басшысы;
  • полковник Данияр Мұханұлы Турғанбаев Кадр жұмысы департаментінің басшысы;
  • подполковник Дәурен Қуатбекұлы Райымқұлов Превенция және талдау әзірлемелері департаментінің басшысы;
  • полковник Айдын Қапарұлы Молдабеков Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
  • полковник Нұрлан Махсотұлы Кәрімов Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
  • полковник Ержан Ерғалиұлы Бөлегенов Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы;
  • полковник Арман Оразұлы Жүнісов Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметтеріне тағайындалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!