Қаржы министрлігі көлік салығына енгізілген өзгерістерді түсіндірді
© Фото: zakon.kz
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексімен күшіне енген көлік салығына қатысты өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, пайдалану мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейінгі жеңіл автокөліктер үшін көлік салығын есептеу кезінде 0,7 түзету коэффициенті қолданылады, ал 20 жылдан асқан автокөліктерге – 0,5 коэффициенті белгіленген. Салық жыл қорытындысы бойынша төленетінін ескерсек, төмендетуші коэффициенттерді есепке алғандағы салық сомасы 2026 жыл үшін 2027 жылы есептеліп, төленеді.
Қозғалтқыш көлемі 3 литрден асатын, 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасында өндірілген (жасалған немесе құрастырылған) немесе 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автокөліктерге арналған салық мөлшерлемелері алып тасталды.
Шаруа немесе фермер қожалықтары өзге де жеңілдіктерге қоса, бір шаруашылыққа бір ғана жүк платформасы бар және жүргізуші кабинасы жүк бөлігінен қатты стационарлық қалқамен бөлінген жеңіл моторлы көлік құралынан (пикап автокөліктер) көлік салығын төлеуден босатылады.
Сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын көлік түріне (пикаптар, джиптер, лимузиндер, фургондар) қарай бөлуге қатысты норма алынып тасталды. Енді көлік құралының санаты көлік құралын тіркеу туралы куәлікте көрсетілген басқару құқығы санатына (A, B, C, D) сәйкес айқындалады.
Салықтық есептілік нысандарын қысқарту мақсатында көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеу туралы есепті (салықтық есептілік) тапсыру міндеті жойылды. 2026 жылдан бастап салық төлеуші тек жылдық декларация тапсырып, салықты жыл қорытындысы бойынша бір рет төлейтін болады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:52, 5 қаңтар 2026
Неге кей жерде интернет дұрыс жұмыс істемей тұр - ресми түсініктеме
-
18:43, 5 қаңтар 2026
2025 жылы инфляция 12,3%-ды құрады - Ұлттық статистика бюросы
-
17:55, 5 қаңтар 2026
Қостанайда көлігімен үйілген тасқа соғылып, омыртқасын сындырған ер адамға 11 млн теңге төленетін болды
-
17:55, 5 қаңтар 2026
Қостанайда үйілген тасқа соғылып, омыртқасын сындырған ер адамға 11 млн теңге төленетін болды
-
17:44, 5 қаңтар 2026
Елімізде 6 қаңтарда қалың қар жауып, тұман, көктайғақ болатыны болжанады





