Қарағандыда «Сәтті люкс» құрылыс компаниясының басшысы 6 жылға сотталды
© Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда үлескерлік құрылысқа байланысты даулы іске нүкте қойылды. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында құрылыс компаниясының басшысына қатысты алаяқтық ісі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сотқа дейінгі тергеу органдары "Сәтті люкс" құрылыс компаниясының басшысы ҚР ҚК-ның 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша алаяқтық жасады деп айыптады, атап айтқанда ол құрылыс компаниясының басшысы бола тұра, үлескерлердің қаражаты есебінен құрылыс жүргізуге уәкілетті органның рұқсатынсыз, құрылысқа қажетті қаржылық мүмкіндігі жоқ бола тұра, "Алтын" тұрғын үй кешенін салу үшін 51 азаматтан ақша тартып, құрылысты бастамаған және азаматтарға 800 000 000 теңгеден астам залал келтірген.
Сондай-ақ, салынып жатқан тұрғын үй кешенінен "пәтер сатамын" деген сылтаумен 5 азаматты алдап, олардың ақшасын алып, уәде етілген пәтерді бермеген, әрі қаражатты қайтармаған. Бұдан бөлек, жаңа тұрғын үй кешенін салу және оның жобасына инвестиция құю сылтауымен 1 миллиард теңге қаражатты иемденген.
Сот сотталушының кәмелетке толмаған баласының барын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.
Сот үкімімен Т. ҚР ҚК-нің 190 бабының 4- бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, айыпталушыдан келтірілген залал толық көлемде өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетсек, Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру және ысырап ету фактісі бойынша "Дорстройтрест" ЖШС басшысы 7 жылға сотталғаны белгілі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:29, 16 қараша 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды
-
17:13, 16 қараша 2025
Мәскеуде тоғаннан 7-10 жас аралығындағы баланың бөлшектелген денесі табылды
-
17:01, 16 қараша 2025
«Тұман, көктайғақ, қатты жел». Дүйсендібе еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:43, 16 қараша 2025
Ислам Махачевтың UFC-дегі жеңісі: Шавкат Рахмонов үндеу жасады
-
16:28, 16 қараша 2025
ШҚО-да жаңа туған сәбиді орталыққа шұғыл жеткізу үшін тікұшақ қажет болды





